27.04.2022 _ 12:30

Банктерден деректерді алу бойынша дайындық жұмыстар басталды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев атап өткендей, бұл барлық жеке кәсіпкерлердің банктік шоттарына аударымдар туралы мәліметтерді жаппай алу туралы емес. Мәселе кірістер тіркелімін толтыру үшін ЖК-дің банктік шотына аударымдардың (түсімдердің) қорытынды сомалары туралы мемлекеттік кірістер органдарының деректерді алу мүмкіндігіне қатысты.

«Мұндай мүмкіндік тек осындай кәсіпкер банктік құпияны ашуға келісімге қол қойған жағдайда ғана қарастырылған. Тікелей мобильді қосымшада кәсіпкердің электрондық-цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, келісімге қол қойылады. Мәліметтерді алу, оларды салықтарды есептеуде пайдалану, декларацияны құру үшін пайдалану кәсіпкердің қол қойылған келісімі қажет екеніне тағы да назар аударамын. Олай болмаған жағдайда, кәсіпкер қосымша кірістерді кірістер тіркеліміне өз бетінше енгізетін болады», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 


Сонымен қатар, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін оңтайландыру бағытында да жекелеген рәсімдерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.