27.04.2022 _ 12:35

Табыстың шекті шамасына қол жеткізуді мониторингтеу құралы іске асырылды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев арнайы салық режимдері үшін алынатын кірістердің шектері белгіленгенін атап өтті.

«Мысалы, оңайлатылған декларация бойынша мұндай шек ағымдағы жылы 73,6 млн теңгені құрайды. Табыстың шекті мөлшері 80%-ға жеткен кезде индикатор түсін – сарыға, 100%-ға жеткенде - қызылға өзгертеді. Осыған ұқсас ҚҚС бойынша шекке жету бойынша индикатор белгіленген, одан асқан кезде салық төлеуші ҚҚС бойынша есепке тұруға міндетті. Осылайша, айыппұл санкцияларын болдырмау үшін қосымша режимді өзгерту және/немесе ҚҚС бойынша тіркеу қажеттілігі туралы алдын ала хабардар етеді», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.