28.04.2022 _ 10:43

Ералы Тоғжанов: өңдеу өнеркәсібінде 115 мың жұмыс орны құрылатын 690 жоба іске асырылады

Кеше ғана Үкімет отырысында импортты алмастыруды дамыту мәселесі қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңдеу өнеркәсібін дамытудың ағымдағы мүмкіндіктері мен перспективаларына талдау жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.



Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде 115 мың жұмыс орны ашылатын 690 жоба іске асырылады. 


Өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы халықтың табысын арттыру блогы келесі аптада салалық министрліктердің қатысуымен «Самұрық-Қазына» алаңында егжей-тегжейлі таныстырылады.