28.04.2022 _ 11:00

Е. Тоғжанов: жалпы кірістердегі еңбек қызметінен түскен кіріс үлесі 70% - дан 82% - ға дейін артады

Бизнес өкілдерімен кездесуде жалпы ішкі өнімдегі еңбекақы үлесін арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде осы көрсеткішті 31,2%-дан 38,4%-ға дейін арттыру жоспарланған. Дамыған елдерде ЖІӨ құрылымындағы еңбек ақы төлеу үлесі 50-дан астамды құрайды. Мысалы, Германия - 55%, Канада – 53%, Латвия – 52%,. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Е. Тоғжанов: жалпы кірістердегі еңбек қызметінен түскен кіріс үлесі 70% - дан 82% - ға дейін артады

«Жалпы кірістердегі еңбек қызметінен түскен кірістердің үлесі 70%-дан 82% - ға дейін ұлғайту көзделген.  
Ең бастысы бағдарлама арқылы біз – еліміздің азаматына өзінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, табысын арттыруға жол ашамыз, бұл өте маңызды. Жуырда Сарағаштық таксист, тағдырдың жазмышымен екі аяғынан айрылған Нұржан бауырымыздың әлеуметтік желілерде тараған видеосын көріп, таңдандым. Ол «жұмыс жоқ дегенге сенбеймін» дейді. «Бақытты отбасы» жобасы аясында өз кәсібін ашқан, тумысынан екі қолы жоқ Анар Бексұлтанова ханымның ерік-жігері барлығымызға үлгі болуы тиіс. Өмірді, отбасын, жақындарымызды сүюді осындай азаматтардан үйрену қажет деп ойлаймын.  Халықтың табысын арттыру мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың мойнында», - деді Тоғжанов.