28.04.2022 _ 13:50

Қазақстан көлік құралдарын шығару бөлігінде ынтымақтастық пен кооперацияға ашық – ИИДМ автоөнеркәсіпті кеңейту туралы

Жаңа геосаяси және экономикалық факторларға байланысты адамдардың көбі жаңа алаңдар ашу жайлы ойлана абстады. Қазақстан жаңа және жұмыс істеп тұрған өндірістік алаңдар шеңберінде көлік құралдарын шығару бөлігінде ынтымақтастыққа және кооперацияға ашық. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта inform.kz

Ол сондай-ақ автоөнеркәсіптегі әлеуетті серіктестер қандай перспективаларға үміт арта алатынына тоқталды.  


«Қазақстанда өз өндірісін оқшаулауға шешім қабылдаған инвесторлар үшін жеңілдіктер, преференциялар және басқа да ынталандыру шаралары ұсынылады. Өндірісті ұйымдастыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мақсатында мемлекет алдындағы міндеттемелерді алу қажет болатынын атап өткен жөн. Былтыр қабылданған «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңға сәйкес өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының көлік құралдарын шығару саласындағы қызмет субъектісі болып табылатындығын растау болып табылады. Келісім жасау мақсатында әлеуетті өндіруші өндірістік қуат, технологиялық жабдық және өндірістік активтер бойынша талаптар көзделген оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптарына сәйкес келуі қажет», - деп түсіндірді спикер.