28.04.2022 _ 16:20

Онлайн еңбек консультанты. Портал қызметін 4 мыңнан астам адам пайдаланған

Еңбек ресурстары порталында (hr.enbek.kz) 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Онлайн еңбек консультанты» функционалы іске қосылды, ол жұмыс берушінің еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін өзін-өзі тексеруден өтуін көздейді. Цифрлық бақылаудың егжей-тегжейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев айтып берді.

«Жұмыс беруші осы еңбек инспекторын алмастыратын қызметке жүгіне алады және интерактивті режимде жоспарланған немесе жасалған рәсімдердің дұрыстығын тексереді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, жұмыс берушіге оларды жою мақсатында қабылдануы тиіс ұсынымдар мен нақты іс-қимылдар ұсынылатын болады», - деді спикер.  


Бүгінгі таңда өзін-өзі тексеруден 4 мыңнан астам адам өтті.