29.04.2022 _ 10:55

Президент бір айдан соң жаңа диалог алаңы - «Ұлттық құрылтайдың» алғашқы отырысы өтетінін жария етті

Бір айдан кейін жаңа диалог алаңының алғашқы отырысы – «Ұлттық құрылтай» өтеді деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы барысында.
Президент бір айдан соң жаңа диалог алаңы - «Ұлттық құрылтайдың» алғашқы отырысы өтетінін жария етті

«Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі, түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ. Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет», деп атап өтті Мемлекет басшысы.