29.04.2022 _ 11:00

Өзгерістер демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған – Мемлекет басшысы

Жаңа саяси мәдениет қалыптастыруды көздейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОқаев «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында мәлімдеді.

«Сөз сөйлегендер біздегі саяси өзгерістер халқымызды ұйыстырып, азаматтарымыздың біртұтастығына жаңа серпін бергенін айтты. Бұл заңды құбылыс. Себебі осы өзгерістер демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ жаңа саяси мәдениет қалыптастыруды көздейді. Азаматтарды белсенді әрі жасампаз боуға шақырады. Дегенмен, мына нәрсені ұмытпауымыз керек. Орнықты дамудың ең басты кепілі тұрақтылық. Бұл тұжырым Ассамблеяда талай рет айтылды. Оның дұрыстығын қазіргі тарихымыз дәлелдеп отыр», - деді Мемлекет басшысы.