29.04.2022 _ 12:44

Қ.Тоқаев: Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды

Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекет пен азаматтық қоғам арасында табысты серіктестік орнатудың жақсы үлгісін қалыптастырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында мәлімдеді.
Қ.Тоқаев: Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды

«Бұқаралық ақпарат құралдары этнос мәселесімен ғана шектелмеуі керек. Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс. Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек. Ассамблея мемлекет пен азаматтық қоғам арасында табысты серіктестік орнатудың жақсы үлгісін қалыптастырды. Этномәдени бірлестіктер осының айқын көрінісі», - деді Президент.13:32