03.05.2022 _ 08:18

Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің басшылары телефон арқылы сөйлесті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.
Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің басшылары телефон арқылы сөйлесті

Үкімет басшылары сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика және өзге де маңызды салалардағы өзара іс-қимыл келешегін талқылады.