03.05.2022 _ 11:45

«Цифрлық әскери басқару органы» тиімді болып шықты

Әскери басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде Қарулы күштер қызметінің барлық салаларына цифрлық технологияларды енгізу жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді.

«Мысалы, «Цифрлық жергілікті әскери басқару органы» жобасы бірыңғай ақпараттық ортаны қалыптастыруда және азаматтар үшін Қорғаныс министрлігі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуде тиімділігін көрсетті. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу цифрлық форматқа ауыстырылды. Бұл жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беріп отыр», - деді генерал-лейтенант.