03.05.2022 _ 11:55

«Қауіпсіз ел». Қазіргі заманғы қоймалар мен әскери қоймалар салу қарастырылған

Қазақстан Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша объектілерде қару-жарақ мен оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов хабарлады.

Оның айтуынша, «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында ірі қоймалар мен әскери қоймалар салу, сондай-ақ сақтау объектілерін техникалық күзет құралдарымен және автоматты өрт сөндіру жүйелерімен жабдықтау да көзделген.  


«Бастысы, мұндай нысандардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар мен ережелерді қатаң сақтау. Заң жүзінде қоймалар айналасында тыйым салынған аймақтар мен аудандарды құруға байланысты қатынастар реттелген. Жергілікті атқарушы органдардың осы талаптарды қатаң сақтауы маңызды», - деді генерал-лейтенант.