03.05.2022 _ 12:10

Мерекелік іс-шаралар бүкіл ел бойынша 2022 жылдың басынан бері өткізіліп келеді

Қазақстан Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған іс-шаралар ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында ғана өткізілмейді. Әскерде жыл басынан бері мерекелерге арналған дәрістер, диспуттар, кездесулер, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы генерал-майор Серік Бурамбаев хабарлады.
иллюстративное фото с сайта asker.kz

«Мысалы, Ұлы Отан соғысындағы Кеңес Одағының батырлары Талғат Бигельдинов, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспановалардың 100-жылдық мерейтойларына арналған және басқа да іс-шаралар кеңінен атап өткізілуде. Атап айтсақ Қарулы Күштердің 30-жылдығына арналып Ұлттық қорғаныс университетінде Қарулы Күштердің 30-жылдығына арналған халықаралық конференция өткізілді, сәуір айында Қазақстанның ұлттық музейінде көрме ұйымдастырылды. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 30 жыл» кітабы жарыққа шықты. Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің іздестіру тобы басқа мемлекеттер аумағында жерленбей қалған қазақстандық жауынгерлердің денелерін табу, оларды елге жеткізу, туыстарын тауып, оларға табыстау және жерлеу жұсыстарын ұдайы түрде жүргізуде», - деді спикер. 


Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-түсіндіру тобы «Күшіміз бірлікте» акциясы шеңберінде жыл басында еліміздің Батыс өңіріндегі гарнизондардан бастап, Алматы, Қапшағай, Сарыөзек, Жаркент және Талдықорған гарнизондарында, наурыз айында Қарағанды, Балхаш және Приозерск гарнизондарында әскери қызметшілермен кездесу өткізді. Сондай-ақ басқа форматта «Айбынды әскер» акциясы аясында Көкшетау, Петропавл, Павлодар және Екібастұз қалаларында колледждер студенттерімен және орта мектеп оқушыларымен әскери-патриоттық жұмыстар жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс басқа облыстарда жалғасатын болады. 


«Барлық іс-шаралар өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге және әскери борышты орындау кезінде қаза тапқан немесе зардап шеккен әскери қызметшілердің ерлігі туралы есте сақтауға, жалпы білім беру мекемелерінің барлық оқушыларын қамти отырып, әскери-патриоттық жұмыс жүргізуге бағытталған. Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар қазақстандық патриотизмді дамытуға қуатты серпін береді», - деді генерал-майор.