03.05.2022 _ 13:45

БП: бақылау камераларынан қалпына келтірілген бейнежазбалар бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар адамдар анықталады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезіндегі қиратулар, мүліктерді зақымдау және өзге де қылмыстық әрекеттердің қатысушыларын анықтау жұмыстары туралы хабарлады.

«Қылмыстық істі тергеу барысында Шымкент қаласының прокуратурасымен 2 қылмыскер анықталды, олар 6 қаңтарда «Газель» автокөлігімен қала ішінде жүріп, Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын жойды. 
Камералардың зақымдануы полицияның қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысын қиындатты, мемлекеттік объектілерге шабуыл жасаған қылмыскерлерге назардан тыс қалуға мүмкіндік берді», - деді спикер. 


Қазіргі уақытта бейнежазбалар қалпына келтіріліп, қатысы бар адамдар анықталуда.  


«Камералар қалпына келгенге дейін «Газель» жүргізушісі өзінің жаппай тәртіпсіздікке қатысуын жоққа шығарды, алайда бейнежазбалардан оның көліктің төбесіне мініп, жоғарда орнатылған камераларды жойғаны анықталды. Алматы қаласында 6 қаңтарда «Көк төбе» телемұнарасының ғимаратын басып алуға оқталған бұл оқиғалардың басқа қатысушысы анықталды. Стратегиялық нысанды басып алудың негізгі мақсаты - жалған ақпарат тарату арқылы азаматтардың көшеге шығуын үгіттеу үшін теледидар мен радиоарналардың жұмысын бақылау болған. Құқықтық тәртіп күштері стратегиялық нысанды басып алуға жол бермеді. Күдікті адам соттың санкциясымен қамауда. Осы қалада «Анна» қару-жарақ дүкенін тонаушыларының 3 қатысушысы ұсталды, олар 5 қаңтарда «Лексус» маркалы автокөлігімен Алматы қаласы «Республика» алаңының алдына ұрланған қаруларды таратқан», - деді Қилымжанов.