03.05.2022 _ 13:50

Stop-фейк. жалған ақпарат таратқаны үшін Ақмола облысының тұрғынына 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

Бас прокуратура «фейк» деп аталатын жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы бірнеше рет ескертті. Ақмола облысында осындай істердің бірі бойынша 3,6 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаумен үкім шығарылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады.

Сондай-ақ, ол ведомствомен тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы және заңдылық қамтамасыз етілетінін атап өтті. Қаңтар оқиғасының жаңа мәліметтері мен мән-жайлары анықталғанына қарай олар уақтылы жұртшылықтың назарына жеткізілетін болады. Бас прокуратура өкілі ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.