04.05.2022 _ 10:10

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы: Қордың корпоративтік басқару рейтингі «BB» деңгейінде бағаланды

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қор қызметі жайлы айтып берді.
«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы: Қордың корпоративтік басқару рейтингі «BB» деңгейінде бағаланды

«Қор қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші. Қор тобында 250 мыңнан астам адам жұмыс істейді.  Өндірістік персонал 92% құрайды. Тәуелсіз диагностика нәтижесі бойынша Қордың корпоративтік басқару рейтингі «BB» деңгейінде бағаланды. Бұл жетекші қорлардың деңгейіне сәйкес», - деді басқарма төрағасы.