04.05.2022 _ 10:50

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс бойынша корпоративтік стандарт бекітілді

«Самұрық-Қазына» қоры ғылымды қажетсінетін өндірістердің болуы және жалпы қолданбалы ғылымды қолдау қажет екенін біледі. Технологиялық жағдайға және ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілікке назар аудара отырып, активтерді терең талдау бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қор басшысы Алмасадам Сәтқалиев хабарлады.

«Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша жаңа стандарт бекітілді. Біз қолданбалы зерттеулерді дамыту қажеттілігін түсінеміз және осыған байланысты ғылымды қаржыландыру тәсілдерін өзгертуді жоспарлап отырмыз. Іс жүзінде барлық жетекші университеттермен, ғылыми орталықтармен, жеке зертханалармен, жетекші ғалымдармен, оның ішінде шетелде жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдармен меморандумдар бар. Конкурстық негізде бейінді компанияларымызға ғылыми әзірлемелерді енгізу үшін нақты перспективалары бар қаржыландыруды қамтамасыз етіледі. Қазірдің өзінде 65 жоба іріктелді, олардың 43-і ғылыми-техникалық кеңеске жіберілді. 39 жоба мақұлданды. Отандық ғылымды қолдау және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту, қоғамның білім беру-ғылыми деңгейін арттыруға қатысты біздің көзқарасымызға орай, біз осы жұмысқа қосымша 100-ге жуық өтінім қабылдадық», - деді спикер перспективаларымен бөлісе отырып.