04.05.2022 _ 11:00

«Стратегиялық холдинг». Самұрық-Қазына халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жүйелі шараларды іске асыруға кірісті

Алдағы 5-8 жылда ҚР Әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуын қолдау қажеттілігіне байланысты Қор өзін «стратегиялық холдинг» ретінде танытады. Бұл ретте инвестициялық холдинг моделіне кезең-кезеңімен көшу жоспарланып отыр. Қазіргі кезеңдегі негізгі басымдық – экономиканың нақты секторына инвестициялар тарту, инфрақұрылымды дамыту. Бұл ең алдымен инфрақұрылым объектілеріне - энергетикалық секторға, мұнай және газбен жабдықтау секторына, логистикалық инфрақұрылымға және т.б.. ұзақ мерзімді инвестициялар тартуға қатысты. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қордың басым жобаларына егжей-тегжейлі тоқталды.

«Үкіметтің маңызды басымдығы – экономиканы әртараптандыру, импортты алмастыру және отандық бизнесті қолдау екенін түсінеміз. Яғни, біз отандық бизнеспен бірге ірі инвестициялық жобалардың тең инвесторы болуға, сондай-ақ бизнес үшін ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар ұсынуға дайынбыз. Сонымен қатар, Қор деңгейінде шетелдік инвесторлармен жұмысты үйлестіруді жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Портфельдік компанияларды тиімді басқару шеңберінде шығындарды жүйелі оңтайландыру, құнын барынша арттыру кезінде шығындарды төмендету бойынша үздіксіз күш-жігер жұмсаймыз. Мен атап өткендей, Қордың корпоративтік орталығы деңгейінде шамамен 2,6 млрд теңге оңтайландырылды. Қазіргі уақытта портфельдік компаниялардың бизнес жоспарларын түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Басқару органдарын реформалау және бизнес-процестерді цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Біз сатып алулардың 40%-ын электронды форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз, жыл соңына дейін IT қауымдастықпен бірлесіп, электрондық дүкеннің жаңа моделін, басқа да электрондық алаңдарға қолжетімділікті пысықтаймыз. Бұл процесс аймақтық қағидатқа ие болады. Ең бастысы, жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, бағаларға, оның көтеруге талдау жүргізіледі», - деп атап өтті спикер.

  
Жаңа стратегияның тағы бір басты басымдығы - ESG қағидаттарын енгізу. Компанияның IPO-ға шығу жоспарына қарамастан, Қордың ПК корпоративтік басқару практикаларын листингтік компаниялардың талаптарына сәйкес келтіру бойынша ауқымды жұмыс басталды. Жаңа стратегияда Қордың транспаренттілігі мен есептілігі ерекше рөл атқарады.