04.05.2022 _ 13:50

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін сынақ тестілеуін іске қосты

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін сынақ тестілеуін іске қосты. Тестілеуден орталықтың сайтынан https://prob-ent.testcenter.kz/ сілтемесі арқылы онлайн режимінде өтуге болады. Ол үшін тестіленуші алдымен ЖСН енгізіп, бейіндік пәндер комбинациясын таңдап, тестілеуге қатыса алады.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңыда ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін сынақ тестілеуін іске қосты

«Сынақ тестілеуі талапкерлерге тестілеуге дайындығын жақсартуға және қандай тақырыптарды тереңірек зерделеу керегін түсінуге көмектесу үшін жасалған. Сынақ тестілеуінен өту кезінде талапкерге тест тапсырмаларымен танысуға және таңдалған пәндер бойынша өзінің білім деңгейін тексеруге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ ҰТО-мен бірлесіп әзірленген білім беру орталықтарының ҰБТ-ға дайындық бойынша тегін онлайн-сабақтарының саны артты. Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша биыл тест тапсырмаларының саны өзгеріссіз қалды, бірақ контекстік тест тапсырмалары енгізілді», - деді спикер. 


Сонымен қатар, талапкерлер тест тапсыратын күнін, тапсыратын уақытын және жерін өздері таңдайды.