"Біз Жезқазған облысын Қарағанды облысымен біріктірген жылды ұмытқан жоқпыз. Уақыт өте келе жағдай жақсарып, біздің жеріміз қайтадан аймаққа айналады деп өзімізді жұбаттық. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жошы хан" тарихи-мәдени кешенінің ашылуына сапары үміт тудырды. "Ұлытау-2019" этно-форумында Президент өңір халықаралық туристік орталыққа айналуы тиіс екенін мәлімдеді, - дейді Жезқазғанның құрметті азаматы Ғазиз Ештанаев. - Бүгін шыққан Президенттің Жарлығы – біз үшін 25 жыл күткен зор қуаныш. Ұлытау облысын құру – Қазақтардың қасиетті жерлеріне деген құрмет".
Жезқазғандықтар жаңа облысты бірге көтеруге, оның дамуы мен өркендеуіне қол жеткізуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Аймақ тұрғындары рухани орталықтың іргетасын қалау үшін бірігуге шақырады.
"Бүгін нағыз тарихи күн! Біздің өңірдің тағдыры шешілді. Бұл экономикалық және рухани тұрғыда маңызды шешім", - деп санайды қоғам қайраткері Саят Балмағамбетов.
Қуанышты оқиғаны өңір ақындары жылы қарсы алып, өлеңдерінде өз өлкесін дәріптеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 4 мамырда "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды.