11.05.2022 _ 12:00

Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың кепілдіктері күшейтіледі

Енді облыс әкімдерін қызметке тек облыстық мәслихаттың ғана емес, облыс аумағында орналасқан барлық мәслихаттар депутаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайтын болады. Бұл ретте Мемлекет басшысы кемінде екі кандидатура ұсынады. Ұсынылып отырған түзетулер туралы Конституциялық кеңес мүшесі Рахмет Мұқашев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында толығырақ айтып берді.

«Қалалардың, елді мекендердің, аудандық, ауылдық, басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерін тағайындауға қатысты өкілеттіктер жойылуда. Бүгінгі таңда президент - ең жоғары лауазымды тұлға - осы лауазымды тұлғаларды тағайындайды және босатады. Бұл тікелей жергілікті билік органдарының ісі: олар бұл адамдарды жақсы таниды. Президенттің облыстық буын басшыларының шешімін жою құқығына қатысты өкілеттіктері де күшін жояды», - деп атап өтті спикер, Президенттің тек облыс әкімдерін қызметтен босату құқығы ғана сақталатынын, сондай-ақ оның аталған әкімдер актілерінің күшін жою құқығы жойылатынын атап өте отырып.