11.05.2022 _ 16:48

«Ел намысы» мониторингтік тобының мүшелері қазақстандықтарды референдумға қатысуға шақырды

Тың саяси реформаларды жариялаған және көптеген саяси бастамаларға жол ашқан Мемлекет басшысы Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлығын қолдаймыз.
«Ел намысы» мониторингтік тобының мүшелері қазақстандықтарды референдумға қатысуға шақырды

Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте «Ел намысы» арнайы мониторингтік тобының мүшесі Әсет Әссанди мәлімдеді.

«Қазір еліміз үшін өте маңызды саяси кезең. Бұл алдағы маусымның 5-і күні өтетін референдумға дайындық деп аталатын саяси шара. Оған Екінші Республиканың саяси іргетасын қалауға өзін патриотпын деп сезінген әр азамат қатысуы міндетті. Сондықтан осы референдумның өтуін қолдап, ақпараттық-түсіндіру жұмысына «Ел намысы» арнайы мониторингтік тобының мүшелері де белсене кірісіп кетті», - деді топ мүшесі.