12.05.2022 _ 09:40

Референдум - демократиялық институттардың дамуының көрсеткіші

Президент құрған, заңгерлер мен ғалымдардан тұратын жұмыс тобы Конституцияға түзетулер жобасын ұсынды. Конституцияның 91-бабына сәйкес түзетулер жобасын Конституциялық Кеңес қарастырып, биыл 4 мамырда түзетулер бойынша оң қорытынды берді. ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың айтуынша, Конституцияның 91-бабына сәйкес Конституцияға түзетулерді қабылдаудың 2 жолы бар: республикалық референдум арқылы немесе Парламент арқылы.
Референдум - демократиялық институттардың дамуының көрсеткіші

«Президент бірінші жолды – референдумды таңдады, өйткені дәл осы жол демократиялық институттардың дамуын көрсетеді. Референдум – бұл Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі бойнша бүкiлхалықтық дауыс беру рәсімі. Бұндай рәсім мемлекетіміздің өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша да өткізілуі мүмкін. Референдум Республиканың бүкiл аумағында 5 маусым күні өткiзiледi. Референдумға елдің кәмелетке толған азаматтары қатыса алады. Қазір Орталық сайлау комиссиясы референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізімін жасақтауда», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде.