12.05.2022 _ 10:20

Конституциялық Сот – мемлекеттің конституциялық негіздері мен адамның конституциялық құқықтарын қорғауға арналған әлемге әйгілі модель

Назардан тыс қалды. Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығынан тыс қалған бірқатар түзетулерді түсіндіріп, олардың қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Бірінші. Конституциялық Соттың құрылуы. Конституциялық Кеңес қазіргі таңда Президенттің, Премьер-Министрдің, Парламент депутаттарының және соттардың өтініштерін ғана қарастырады.

«Енді Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, Бас прокурорға және ең бастысы азаматтарға Конституциялық Сотқа жүгіну құқығын беру ұсынылады. Бұл кез келген нормативтік құқықтық акт Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан қаралуы мүмкін дегенді білдіреді – бұл дегеніміз министрліктердің қандай да бір қағидалар мен тәртіпті бекітетін бұйрықтары, әкімнің нормативтік актілері және тіпті Үкімет қаулыларына дейінгі мәселелерді қамтиды. Қазіргі таңда олардың дау-дамайы азаматтық процестің ережелеріне сәйкес жалпы юрисдикция соттарында жүзеге асырылады.  


Конституциялық Сот – мемлекеттің конституциялық негіздері мен адамның конституциялық құқықтарын қорғауға арналған әлемге әйгілі модель. Конституциялық Сот актіні, оның ішінде сот шешімін шығаруға негіз болған заңды қайта қарауға құқылы болады», - деді спикер.