12.05.2022 _ 11:10

Референдум-2022: Таңдау ел азаматтарының қолында

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту. Қазір облыс әкімдерін Президент тағайындайды. Жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізілуде. Өткен жылы ауылдар мен кенттер әкімдерін сайлау өткізілді, 2025 жылдан бастап облыстық маңызы бар аудандар мен қалалар әкімдерін сайлау өткізіледі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде хабарлады.

«Облыс деңгейінде әкімдердің кандидатураларын мәслихаттармен келісу ұсынылады, яғни аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың барлығын қоса алғанда, барлық мәслихаттар ұсынылған кандидатуралардың ішінен әкімді таңдайтын болады. Олар келіспеуі мүмкін. Іс жүзінде бұл да Президентінің қазіргі өкілеттігін қысқарту болып табылады. Бұл кезеңде мұндай тәсіл мемлекеттік басқаруды құру тұрғысынан ең демократиялық-оңтайлы болып көрінеді», - деді спикер. 


Бұл ретте ол ел халқы бұл түзетулерге жақтап немесе қарсы дауыс бере алатнын атап өтті.  


«Егер «жақтап» дауыс берсе, онда ұсынылған өзгерістер моделі іске қосылады. Егер халық «қарсы» дауыс берсе, онда түзетулер қабылданбайды және қолданыстағы модель сақталады. Таңдау ел азаматтарының қолында», - деді сарапшы сөзін түйіндей келе.