12.05.2022 _ 11:40

Әлемдегі болаттың әрбір үшінші тоннасы түсті металл сынықтарынан алынады. Әлемде және Қазақстанда металл сынықтары мен қалдықтардың рөлі қандай?

Қара және түсті металдардың сынықтары танымал бола бастады. ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағанбеттің айтуынша, бұл климат жөніндегі Париж келісіміне байланысты. Ол 5 жыл бұрын қабылданған. Жүзден астам ел парниктік газдар шығарындыларын азайту жөнінде шешім қабылдады, Қазақстан да міндеттемелер алды.

«Екіншіден, «көміртегі салығы» ұғымы пайда болды, жай сөзбен айтқанда, табиғи ресурстар көп пайдаланылған тауарларға, сондай-ақ шығарындыларға қосымша салық салынатын болады. Егер табиғи шикізат пен CO2 шығарындыларын көбірек қолданатын болсақ, онда шетелге экспорттау кезінде біздің өнім бәсекеге қабілетсіз болады. Экологиялық тұрғыдан алып қарасаңыз: темір рудасынан 1 тонна болат алған кезде 1,5 тонна CO2 шығарындылары болады. Ал біз оны қара металл сынықтары мен қалдықтарынан алғанда, шығарындылар 8 кг құрайды. Тиісінше, болат өндіру бойынша әлемдік тәжірибе қара металл сынықтарын көбірек тұтынатын болады. Қазірдің өзінде әлемде шығарылатын болаттың әрбір үшінші тоннасы – қара металл сынықтарынан жасалған», - деді спикер статистикамен бөлісе отырып.