12.05.2022 _ 11:50

Ел аумағынан металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша шектеу қою – бұл тактикалық шара

ҚР ИИДМ индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағанбет Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау мәселелері жайлы баяндады.

Оның айтуынша, ел аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша шектеу қою – бұл тактикалық шара. Ал стратегия – бұл елімізде 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан индустрияландыру саясаты.  

«Негізгі міндеттердің бірі – шикізаттан мүмкіндігінше дайын өнім шығару. Шикізат дегеніміз не? Бұл - алюминий, мыс, қорғасын, қара металдар, сондай-ақ металл сынықтары. Сынықтан не аламыз? Бұл алюминий радиаторлары, терезе профильдері, автомобиль дискілері, кабельдер мен сымдар. Автомобиль қозғалтқыштарын іске қосуға арналған қорғасын аккумуляторлар. Ең басты шикізат – бұл қара металл сынықтары, темір. Бұл халық, өнеркәсіп тұтынатын көп тараған тауар. Мысалы, арматура. Біз оны үй құрылысында пайдаланамыз. Құбырлар мұнай-газ саласында қолданылады. Яғни, операциялық кезеңде және оларды тасымалдау кезінде», - деді ведомство өкілі.