12.05.2022 _ 12:10

Қолданыстағы практика барлық ұлттық және халықаралық нормативтерге сәйкес келеді

Қазақстан қайталама шикізатты шығаруды шектейтін жалғыз ел емес. Қырғызстан, Ресей, Армения, Өзбекстан және Беларусь сияқты барлық серіктестеріміз мұны іс жүзінде қолданады. «Танымал емес шараны» сынға алғандарға ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағанбет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде жауап берді.

«Ресейде шектеулер бар, олар квота бөледі, ал квотадан жоғары болса, тоннасына шамамен 100€ баж салығын салады. Қазір 300€ дейін ұлғайту жұмыстары жүріп жатыр. Арменияда 6 айға эмбарго қолданылады, Қырғызстанда да экспортқа шектеулер қойылады, Беларусь пен Өзбекстанда мемлекеттік монополия бар. Яғни, тек мемлекеттік компаниялар ғана сынықтарды жинауға, өңдеуге құқылы, басты міндет - зауыттардың ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету. Бүгін Еуропалық Комиссия Еуропалық Парламентке шикізат пен материалдардың осы түріне тыйым салуды қабылдауды ұсынды. Мотив – декарбонизация: сынықтардың есебінен шығарындылар аз болады, қалпына келтірілмейтін шикізатты аз өндіріледі және қосымша салық салынбайды», - деді сарапшы әлемдік үрдіс туралы.  


Жолмағанбет сондай-ақ теміржол көлігімен тасымалдаумен шектеліп қалмай, бірінші кезекте ұлттық кәсіпорындарды қамтамасыз ету басымдыққа ие екенін айтты.