16.05.2022 _ 11:40

Азаматтар көп пайдаланатын 125 учаскеде тәулік бойы 490-нан астам құтқарушы қызмет атқаруда

ТЖ министрлігінің құтқару бөлімшелері тәулік бойы 490 астам құтқарушы қызмет атқаратын азаматтар пайдаланатын су айдындарының 125 учаскесін бақылайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов хабарлады.
Азаматтар көп пайдаланатын 125 учаскеде тәулік бойы 490-нан астам құтқарушы қызмет атқаруда

«Биыл су акваторияларын қамтуды ұлғайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрліктің қосымша 45 құтқару бекеттері қойылатын болады. Бұдан басқа, әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар күшімен 316 нысанды құтқару бекеттері жабдықталады»,- деді спикер. 


Коммуналдық және жеке жағажайларда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін 104 медициналық пункт жұмыс істеуге дайын.