16.05.2022 _ 19:42

Маңғыстау облысында 64 өлі итбалық пен 5 бекіре тұқымдас балығы табылды

2022 жылғы 14 мамырда Маңғыстау облысы бойынша Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының балық инспекциясы басқармасының қызметкерлерімен Форт-Шевченко теңіз портының жағалау аймағында, "Үрдүк" мүйісінен "Баутин қосасы" жеріне дейінгі аумақта 64 өлі итбалық пен 5 бекіре тұқымдас балығы табылды. Теңіз жануарлары мен бекіре балықтарының ұшалары қатты ыдырау күйінде болды, соның салдарынан зерттеу жүргізу үшін сынамалар алу мүмкін болмады. Демек, олардың өлімі қыста болған деп болжауға болады.


Теңіз жануарлары мен балықтары табылған жерден су мен ауа сынамалары алынды. Еске салсақ, осы жылдың сәуір айының соңында Каспий теңізінің жағалауында Түпқараған ауданында өлі итбалықтардың 97 ұшасы табылған болатын.

Ғылыми ведомстволар қызметкерлерінің ақпараты бойынша, зерттеу нәтижелері, сондай-ақ жануарлардың өлімінің болжамды себептері зерттеу жүргізілгеннен кейін бір ай ішінде жарияланады.

Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының инспекторлары Каспий теңізінің жағалау аймағы мен басқа да учаскелеріне мониторинг жүргізуде.

Байланыс үшін: +7 (778) 405-93-21 Аслан Жеңісұлы

@EcologyofQazaqstan

t.me/EcologyofQazaqstan/694