17.05.2022 _ 14:05

Конституциялық реформаның маңыздылығы мен қажеттілігі сөзсіз - ҚСЗИ директоры

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Референдум: азаматтардың конституциялық құқықтары» тақырыбында сараптамалық дөңгелек үстел өтті.

Конституциялық реформаның маңыздылығы мен қажеттілігі сөзсіз. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов мәлім етті. 


«Алдымыздағы маңызды тарихи оқиға – Ата заңға өзгерістер енгізу туралы жалпыұлттық референдумға дейін аз уақыт қалды. 5 маусымда еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңі басталады. Конституциялық реформаның маңыздылығы мен қажеттілігі сөзсіз. Күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру болып табылады», - деді шара модераторы.