17.05.2022 _ 14:30

Біз өз мүмкіндіктерімізді кеңейтетін өзгерістер үшін дауыс береміз – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Қоғамның өз пікірі болуы керек. Жағдайдың өз қолымызда екенін түсіне отырып, бірлігімізді сақтап, бір пікір білдіруіміз өте маңызды. Бұл туралы сарапшылардың дөңгелек үстел отырысында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді.


Ол статистикалық мәліметтер: азаматтардың шамамен 70%-ы конституциялық түзетулерді қабылдап отырғанын еске салды. Яғни, ... « ... жалпы қолдау бар. Оны іс жүзінде бекіту үшін референдумға қатысайық. Сайлау өткізіп, бір кандидатқа дауыс беруіміз бір: жалғыздың үні шықпас. Ал өз мүмкіндіктерімізді кеңейтетін өзгерістерге дауыс беру – бұл басқа. Сондықтан баршаңызды республикалық референдумға қатысуға шақырамын. Конституциялық түзетулердің салдары көп. Біз билік өкілдерін таңдауға жауапты көзқарасты тәрбиелеуіміз керек, шешімдердің дұрыс нұсқаларын және одан әрі қалай өмір сүретінімізде таңдау жасауды үйренуіміз керек», - деп түйіндеді спикер.