18.05.2022 _ 12:15

«Nickelodeon» балалар телеарнасы қазақ тілінде мультфильмдер көрсете бастады

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі балалар жылында былтырдан бастап «Nickelodeon» және «TiJi» каналдарымен келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастық орнатты. Еліміздің кабельдік операторлары осы арналарды қазақша көрсете басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Болашақ ұрпақтың үйлесімді дамуына әрқайсымыз жауаптымыз. Негізі балалардың тәрбиесі тілден басталады. Неге «Nickelodeon» және «TiJi» каналдары таңдалды? Бұл қазақ тілінде мультипликацияны көрсететін бәсекелестікті дамыту мақсатында жасалып отыр. Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша, негізінен қазақ тіліндегі контент, балаларға арналған мультфильмдер көрсетілетін «Балапан» арнасы 1-орында, содан кейін «Nickelodeon» және «TiJi», «Cartoon Network», «Карусель», «Малыш» арналары тұрғаны анықталды. Айта кетейік, «Nickelodeon» мен «TiJi» арналары әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке бейімделген. Бүгінде «Nickelodeon» арнасы 180, «TiJi» - 20 елде таратылады. Қазіргі уақытта мультфильмдерің 800 жуық сағаты қазақ тіліне аударылды», - деді вице-министр.