18.05.2022 _ 14:15

ОКҚ сарапшылар клубы: Референдум не үшін қажет?

Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру («Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңының 1-бабының 1-тармағы). Жоғары сот жанындағы Сот төрелігі Академиясының ректоры, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Зәуреш Баймолдина референдумның не үшін қажет екенін түсіндірді.
ОКҚ сарапшылар клубы: Референдум не үшін қажет?

«Референдум халықтың өз еркі арқылы неғұрлым маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді, оның ішінде саяси сипаттағы міндеттерді қалай шешуге болатынын анықтау үшін қажет. «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мұқият зерттегендер бұл жобада елдің саяси жүйесін трансформациялауға, құқық қорғау институттары мен тетіктерін күшейтуге, тұтастай алғанда - қоғамның бүкіл экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірін жаңартуға басымдық берілгеніне назар аударған болар», - деп атап өтті сарапшы.  


Қазақстан азаматы қабылдаған шешім біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуына әсер етеді.  5 маусымда өтетін референдум еліміздің әрбір азаматы алдында Президент бастамашылық еткен саяси реформаларды ашатын перспективаларды айқындайды.