18.05.2022 _ 14:30

Адал және әділ «ойын ережелері». Референдумда не үшін дауыс береміз?

«Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси трансформация адал және әділ «ойын ережелерін» қалыптастыруға, өмірдің барлық салаларында фаворитизм мен монополияларды жоюға бағытталған». Бұл Мемлекет басшысының Жолдауынан алынған үзінді. Осы нұсқаулар республикалық референдумға шығарылған Конституциялық түзетулерде де көрсетілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды дайындау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Зәуреш Баймолдина мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл суперпрезиденттік басқару формасынан президенттік республикаға көшудің алғышарттары, тиісінше, Парламент күшейеді.  

«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды күшейту, бірінші кезекте, заң шығару процесіндегі төменгі Палатаның рөлін күшейту сияқты функциялар беріледі, депутаттық корпусты, яғни Парламент Мәжілісінің құрамын сайлау жөніндегі халықтың өкілеттіктері кеңейтіледі. Екінші бағыт бойынша Парламент Мәжілісіне Үкімет қызметін бақылау бойынша қосымша өкілеттіктер беріледі. Мұны «Мәжілістің жоғары аудиториялық палата төрағасының есебін жылына екі рет тыңдауға айрықша құқығы» нормасынан байқаймыз. Үшінші бағыт - жаңа институттар құру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тетіктерді күшейту», - деп түсіндірді спикер.