19.05.2022 _ 09:35

ҚР Геология саласының жағдайы және дамуы

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев Орталық коммункиациялар қызметі алаңында еліміздегі геология саласының жағдайы және дамуы туралы баяндады. Комитеттің миссиясы еліміздің барлық өнеркәсіп салаларын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағының геологиялық зерттелуін арттыру болып табылады.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында геология саласының алдына мынадай негізгі міндеттер қойылды: геологиялық зерделеуді арттыру және пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалау мақсатында жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізу; минералдық-шикізат базасына мониторинг, сондай-ақ жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестерге мониторинг іске асыру», - деді комитет төрағасы.