20.05.2022 _ 10:58

ҚР Президентінің ҰҚК-ні реформалау мәселелері жөніндегі Жарлығы

2022 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 Жарлыққа қол қойды.
ҚР Президентінің ҰҚК-ні реформалау мәселелері жөніндегі Жарлығы

Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді.

ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды.