20.05.2022 _ 10:40

Сыр елінде Батырхан Шөкеновтың 60 жылдығына арналған гала концерт өтті

Сыр елінде әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтың 60 жылдығына арналған «Отан Ана» республикалық әншілер конкурсының гала концерті өтті.
Сыр елінде Батырхан Шөкеновтың 60 жылдығына арналған гала концерт өтті

Концертке отандық эстрада жұлдыздары мен конкурсқа қатысу үшін еліміздің әр өңірінен келген 20 өнерпаз Батырхан Шөкеновтың репертуарынан әндерін шырқап, қала тұрғындарына керемет кеш сыйлады.