20.05.2022 _ 12:30

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мысырдың Елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Елшісі Манал Эль Шиннавимен кездесті.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мысырдың Елшісін қабылдады

Келіссөздер барысында сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы және одан әрі дамытудың келешегін, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар, олардың ішінде БҰҰ, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы және Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңес аясында екі ел арасындағы өзара ықпалдастығын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Нұр-Сұлтан мен Каир арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде байланыстардың жоғары деңгейін қолдауға келісті.