20.05.2022 _ 12:32

Электрондық депозитарий. Жұмыс тәжірибесін растайтын барлық құжаттардың электрондық базасы құрылды

Баға өлшемінің өнім берушіні таңдауға әсерін төмендету шеңберінде шекті мәндер белгіленген, олардан төмен сатып алудың бөлінген сомасынан бағаны төмендетуге жол берілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді.

«Бұл бағасы өте төмен өтінімдерді ұсынуға жол бермеу және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыру үшін жасалған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі бойынша жалған ақпарат беру фактілерін болдырмау мақсатында Электрондық депозитарий, яғни жұмыс тәжірибесін растайтын барлық құжаттардың электрондық базасы құрылды. Осы базаны толтыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Қазір верификация бойынша – электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру жұмысы аяқталуда», - деді спикер.  


Осылайша, процедуралар сапасына қатысты шағымдар азаяды деп күтілуде.