23.05.2022 _ 10:30

Банктер тарапынан көлік алуға берлген 4834 азаматтың өтініші мақұлданды

Биыл 16 мамырда басталған бағдарлама бұрынғының жалғасы, себебі бұл бір тұрғыдағы үкімет тарапынан қабылданып отырған әлеуметтік көмек түрдегі іс-шара. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Әди Ғалымжан қазіргі бағдарламаның бұған дейінгіден айырмашылығы жайлы айтып берді.

«Алғашқы бағдарламаны Қазақстан даму банкі іске асырса, қазіргі оператор – Өнеркәсіпті дамыту қоры. Бұдан басқа, техникалық та айырмашылықтар бар. Мысалы, бағдарлама аясында бір азамат екі жылда бір рет қана несие ала алады. Бұл бағдарламадағы тағы бір жеңілдік – алғашқы жарна қажет емес. Ал автокөлік құны 10 млн теңгеден артық болса, азамат өз ақшасы есебінен 5 млн қосып, қымбаттау көлік ала алады. Яғни, баға айырмашылығын өзі төлейді. Бір аптада банктер тарапынан 4834 азаматтың өтініші мақұлданды. Қазіргі кезде 34 көлік берілді», - деді спикер.