24.05.2022 _ 14:30

Несие алушылардың 25% астамы жастар

«Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасында бірнеше көрсеткіш белгіленген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді.

 Оның айтуынша, 2025 жылға дейін жатар Отбасы банкте 800 мыңнан астам депозит ашып, ақша жинауы тиіс. Сондай-ақ, «Әскери баспана, «Нұрлы жер», «Шаңырақ», нарықтағы 50*50 сияқты барлық бағдарламалар бойынша несие алушылардың ішінде 25% жастар құрауы тиіс. Бір жылда банктен 80 мың несие берілсе, олардың 30-32 мыңы, яғни 25%  астамы жастар болуы керек. Мемлекет осындай міндет қойып отыр. Отбасы банкінің несие портфелі 2 трлн теңгені құрайды. Сонымен қатар, алдағы уақытта соңғы он жылда пәтері болмаған кез келген азаматтың баспана алуға кезекке тұру мүмкіндігі қарастырылуда. Қазіргі кезде заң жобасы Мәжілістің қарауында», - деді басқарма төрайымы.