25.05.2022 _ 10:09

Қазақстан Елшісі Молдова Парламентінің төрағасымен кездесті

Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Парламентінің Төрағасы Игорь Гросумен кездесті.
Қазақстан Елшісі Молдова Парламентінің төрағасымен кездесті

Әңгіме барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Парламент спикері молдавия тарапының Қазақстанмен серіктестік қарым-қатынастарды арттыруға мүдделілігін білдірді, атап айтқанда қазақстандық іскер топтарды Молдова экономикасына инвестиция салуға шақырды.

Өз кезегінде, Елші екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы туралы хабардар етті, сондай-ақ екі ел арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті.

Қазақстандық тарап ел басшылығы жүргізіп жатқан саяси реформалар, сондай-ақ ҚР-дың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті.

Кездесу соңында тараптар екі ел арасында арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын мерекелеуге бағытталған іс-шараларды өткізу мүмкіндігін талқылады.