25.05.2022 _ 10:45

ҚСЗИ: Референдумдағы таңдау тарихи саналады

Референдум, яғни конституцияға енгізілетін өзгерістер – бұл тарихи өзгерістер. Ол институционалдық өзгерістерді қамтиды, оның ішінде Парламент, Мәжіліс, Сенат, Маслихат, Президенттің өкілеттігіне қатысты өзгерістерді. Сонымен қатар, өлім жазасынан бас тарту бойынша, адам құқықтарына қатысты өзгерістер бар. Бұл ауқымды саяси, оның ішінде құқықтық реформа, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық салада болғаннан кейін референдумға шығарылып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина мәлімдеді.

«2019 жылдан бастап Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен «халық үніне құлақ асатын тұжырымдама» жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оған сәйкес, біз қоғамдық пікірді ескеруіміз керек, халықтың талап-тілектерін, өтініштерін қабылдап, соның негізінде шешім шығаруымыз керек. Яғни, саяси билік немесе мемлекет бір жақты  шешім қабылдамайды. Көбінесе, мемлекет азаматтарымен, халықпен кеңеседі. Референдумда халықтың пікірі ескеріледі. Бұл әлемде кең тараған механизм», - деді спикер.