25.05.2022 _ 14:56

СҚО-да кірпіш зауыты іске қосылды

«Облыста жаңа кірпіш зауыты іске қосылды. Бұл маңызды инвестжоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асты. Инвесторға 800 млн теңге көлемінде 4 % жеңілдетілген несие берілді. Сондай-ақ шетелдік қондырғыларды әкелуге баж салығынан босатылып, 5 жылға тегін жер телімі берілді», - деп жазды облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.
СҚО-да кірпіш зауыты іске қосылды СҚО-да кірпіш зауыты іске қосылды СҚО-да кірпіш зауыты іске қосылды

Кірпіш зауытына 1,8 млрд теңге инвестиция тартылды. 80 тұрақты жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын жыл сайын 40 миллион дана кірпіш өндіріп, облыс қажеттілігінің 30 % қамтамасыз етпек.

«Біздің міндет - жергілікті құрылыс компанияларын өзіміздің өніммен қамтамасыз ету. Алдағы 2-3 айда өңірде құрылыс материалдарын шығаратын бірнеше кәсіпорын іске қосылады», - деді өңір басшысы.