25.05.2022 _ 16:44

ҚР СІМ басшысы Әзербайжан халқын келе жатқан Республика күнімен құттықтады

Әзербайжан тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов телефон арқылы сөйлесті.
ҚР СІМ басшысы Әзербайжан халқын келе жатқан Республика күнімен құттықтады

Әңгімелесу барысында тараптар екі елдің барлық бағыттар бойынша екіжақты өзара іс-қимылының оң динамикасын атап өтті. Аса жоғары және жоғары деңгейдегі кездесулер кестесі және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай алдағы іс-шаралар талқыланды.

ҚР СІМ басшысы әзербайжандық әріптесін келе жатқан Республика күнімен құттықтап, Әзербайжан халқына өркендеу мен бақ-береке тіледі.