26.05.2022 _ 10:51

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен келді

Қазақстан Президентін Бішкектің «Манас-2» халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров пен осы елдің бірқатар ресми тұлғасы қарсы алды.