26.05.2022 _ 11:58

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қырғызстан – біз үшін құдай қосқан көрші, ең жақын одақтас.

«Қырғызстан – біз үшін құдай қосқан көрші, ең жақын одақтас. Шын мәнінде, біз – ауылдарымыз аралас, қойларымыз қоралас жатқан бауырлас халықтармыз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Бішкекке ресми сапары барысында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізу кезінде.

«Биыл дипломатиялық қатынас орнатқанымызға 30 жыл толып отыр. Осы уақытта ынтымақтастығымыз барынша кеңіді, достығымыз нығая түсті», – деді Қ.Тоқаев.