27.05.2022 _ 12:05

Өңірлерде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы АӘК төлеу бойынша пилоттық жоба іске қосылады

ҚР ЕХӘҚМ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында АӘК көрсету тетігін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов хабарлады.

«2021 жылдың қазан айынан бастап Ақмола облысының Ақкөл ауданы мен Нұр-Сұлтан қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру басталды. Осы жылдың ақпан айынан бастап пилоттық жобаның географиясы елдің 2 өңірінен 8 өңіріне дейін кеңейтілді. Бұл АӘК көрсетудің ашықтығын көрсету үшін жасалып отырған шара. Нәтижелері көңілге қонымды. Келесі кезеңде, мамырдан желтоқсанға дейін жобаны іске асыруға республиканың 9 өңірін қосу жоспарлануда», – деді Асқар Ниязов. 


Ведомство өкілі қолданыстағы алгоритмге сәйкес мемлекеттік корпорация және мүдделі әкімдіктер АӘК төлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.