Тараптар қазақстандық заңнаманы ДДҰ ТКНК стандарттарына үйлестіру бағытында ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстанда темекіге бақылауды күшейтудің өзекті мәселелерін талқылады.
«Біздің еліміз Ұлттық заңнама деңгейінде қағидаттарды енгізе отырып, ДДҰ міндеттемелерін орындау бағытында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Жүргізіліп жатқан шаралардың арқасында халықтың өмір сүру ұзақтығы артып, темекі тұтыну деңгейі төмендеді. Қазақстандықтар темекі түтіні жоқ ортаны қолдайды және темекіден бас тартқысы келетіндердің қатары көбейіп келеді», — деді Үкімет басшысы.
«Қазақстанда 2022 жыл келешек ұрпақты қолдау мақсатында балалар жылы деп жарияланды. Қазақстан саясатында денсаулық мәселелеріне басымдық берілетіні өте маңызды», — деді ДДҰ өкілі.